"Болашақ" бағдарламасы: кемшіліктер мен тура жолдан тайғандар

Ulysmedia

Жақында "Болашақ" бағдарламасының 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты форум дүркіреп өтті. Мемлекет басшысы  жиынға қатысқан жоқ, оның атынан премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова құттықтау сөзін оқыды.

Осыдан отыз жыл бұрын бастау алған жоба мемлекетті білікті кадрлармен қамту тұрғысынан қажет. Бірақ ол өзін ақтап жатыр ма? Ulysmedia.kz. тілішісі зерттеп көрді.

Коллаж Ulysmedia

Тарихқа кері шегінсек...

"Болашақ" халықаралық стипендиясы 1993 жылы 5 қарашада іске қосылды. Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама жоғары оқу орындарының ғылыми дәрежесін алуды да, әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми және өндірістік тағылымдамаларды да қамтиды.

Қойылған міндеттерді іске асыру үшін үкіметтің 2005 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен біздің студенттер шетелге оқуға аттана бастады.

2008 жылдан бастап бағдарлама бойынша ғалымдар мен педагогтар шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ ауыл жастарына, мемлекеттік қызметшілерге, ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге квоталар енгізілді.

Күмән һәм “тұман”

"Болашақ" халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Әлия Оспанованың айтуынша, бүгінде стипендия иегерлері республиканың сапалы менеджментін құрап отыр.

- Инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарындағы “болашақшылар” өндірісте еңбек етеді. Жаңа отандық өнімдер мен жұмыс әдістерін әзірлейді. Бүгін біз табысты кәсіпкерлерге айналған және жыл сайын мемлекет бюджетін миллиардтаған теңгемен толықтыратын жүздеген кадрларды көріп отырмыз. “Болашақшылар” шетелден жаңа идеялар, тәжірибе, дағдылар әкеледі, – деп есептейді Әлия Оспанова.

"Жаңа отандық өнімдер мен жаңа әдіс-тәсілдер енгізді" деген сөзге күмәндануға болады, ал кейбір түлектердің табысты кәсіпкерлерге айналғаны анық.

Ақша есепті жақсы көреді

Ашық көздерден басқарудағы қаржылық сәтсіздіктерінің ішінде сыбайлас жемқорлықты атауға болады. 2022 жылғы аудиторлық есеп "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның ұрланған 469 млн теңгені бюджетке қайтару бойынша міндеттемелері қалғанын көрсетеді. Сондай-ақ, 2018 жылы "Валют Транзит Банк" шоттарында болған 800 млн теңгені бюджетке қайтаруы тиіс. "Астана Банкі" АҚ дефолтының салдарынан 1 млрд теңгеден астам қаражат жоғалды. Бұл ақша қазір шығындарға жатқызылды.

“Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қаржылық есептілігін зерделеу кезінде акционерлік қоғам басшылығының өзіне жұмсаған сомасы таң қалдырады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі басшы қызметкерлердің жалақысы мен сыйақылары бірден 5,2 есеге, 8,9 млн теңгеден 46 млн теңгеге дейін өскен. 2022 жылы топ-менеджерлердің төртеуі болғанын ескерсек, олардың әрқайсысына ай сайынғы төлемдер 958 мың теңгені құрады. Бұл мәжіліс депутаттарының жалақысынан да көп. Бәлкім, шынымен де олар ұшақпен жиі ұшып, түрлі іссапарларда болып, күні-түні көз ілмей жұмыс атқарып жүрген болар. 

2018 жылдың қараша айындағы ақпаратқа сәйкес “Болашақ” стипендиясы АҚШ немесе Ұлыбританияда шамамен 2 мың доллар, Ресейде – 1300 доллар, Қытайда – 800 доллар болғаны жазылған.

“Оқу туризмі”

Осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарында "Болашақ" бағдарламасы бойынша 15 мыңнан астам стипендиат оқыды. Тиісінше, осы мақсаттарға 12 жыл ішінде 200 миллиард теңге бөлінді.

- Алайда, халықаралық бағдарламалар орталығының жұмысын әрдайым тиісті түрде дұрыс ұйымдастырмалуы, ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан тиісті үйлестірудің болмауы салдарынан шетелде кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бөлінген қаражат ұтымсыз пайдаланылған фактілер бар. Бұл негізсіз бюджет шығындарына және "Болашақ" идеясының беделін түсіруге алып келеді", - деді сенатор Андрей Лукин жақында.

Оның айтуынша, бағдарламаның барлық түлектері елге оралмайды және "Болашақ"шарттарында көрсетілгендей мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Олардың саны мыңға жуық.

- Тек 24 түлек бойынша оларды оқытуға жұмсалған шығыстар сомасы 750 миллион теңгеден асты. Осылайша, іс жүзінде еңбек өтілінің мониторингі ресми болып табылады және стипендиаттардың міндеттемелерді адал орындауына әсер етпейді, – дейді сенатор.

Шәкіртақыдан айырылған 340-тан астам және бас тартқан 60 адамның берешегі 6,6 миллиард теңгені құрайды. Мемлекетке осы қаражатты қайтару процесі ұзаққа созылмақ.

Сенатордың айтуынша, оқудан кейін 268 стипендиат шетелде қалып, "болашақты" оқу туризміне айналдырды. Яғни, мұндайлар визасы үшін ғана бағдарламаға жүгінуілері мүмкін. Он жыл бұрын ұлттық қауіпсіздік комитеті "Болашақ" бағдарламасының түлектерін қадағалап, оқудан кейін барлық жастар Отанына оралады деген еді. Сондай-ақ, "Болашақ" бағдарламасының тарихында  жүздеген студент үлгерімі төмен болғаны үшін оқудан шығарылғанын атап өткен жөн.

“Ағылшын тілін сыраханада үйренген”

Сенатор білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға наразы болған жалғыз адам емес. 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика және білім министрліктерінің назарын аударып, болашақ шенеуніктерге ренішін білдірген. 50-ге таяп қалған вице-министрлердің  оқуға сұранғаны күмән туғызған. 

“Қазғарыштың” бұрынғы төрағасы Талғат Мұсабаевтың мәлімдемесі де көп талқылаған болатын.


- Бізге бакалаврларды тықпалайды, бірақ олар бізге сәйкес келмейді. Өйткені ағылшын тілін сыраханаларда үйренгендіктен дайындықтың әлсіз деңгейі бірден айғарылады. Олар ең жақсы маман бола алмады. "Болашақтықтар" әр түрлі, сондықтан біз негізінен саналыларын қабылдаймыз. Ал ондайлар аз, – деді ол.

Үмітті ақтамағандар

Бауыржан Байбек

Түлектер жайлы сөз қозғасақ, Германиядағы музыка академиясында "фортепиано" мамандығы бойынша білім алған Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек ойға оралады.

Бауыржан Қыдырғалиұлы Алматы әкімі болғанға дейін Президент әкімшілігінде жұмыс істеді, Президент хаттамасының бастығы, "Нұр Отан"партиясы төрағасының орынбасары болды. Оңтүстік астананың әкімі лауазымында ол түрлі айла-шарғы жасады деп айыптала бастады.

Жер құқығы жөніндегі сарапшы, қазір мәжілісмен Бақытжан Базарбек "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің рекреациялық аймағына құрылыс салуға Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек қол қойған.

- Байбек тау бөктерінің бір бөлігін және өңірлік маңызы бар ЕҚТА-ның бір бөлігін рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа қалай шығара алар еді? Сәулет және қала құрылысы, СЭС, қоршаған ортаны қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдар Медеу ауданының бекітілген егжей – тегжейлі жоспарлау жоспарына түзету енгізуге қалай келісті? - деп сұрады заңгер.

Сондай-ақ, Базарбек Байбекті жақында түрмеден шыққан олигарх Қайрат Боранбаевтың мүддесін қолдады деп айыптады. Бұдан бөлек, “елбасының” немере інісі Ахметжан Есімовтің Қытай автобустарын сатып алу эпопеясы аяқталған жоқ, салдарынан БАҚ-та  жазғандай, бюджеттен 11 миллион доллар шығарылды. Назарбаевтың билігіне деген мызғымас сенім буы әсер етті ме, Бауыржан Байбек өзінің айналасындағыларға премьер-министр болуға дайын екенін ашық айтқан көрінеді.

Байбек тұсында оның орынбасары болған болан Ерлан Әукенов жайлы әңгіме аз емес. Ол қазір Алматы әкімі Ерболат Досаевтың орынбасары. Әукенов Ұлыбританияда "мемлекеттік саясат" мамандығы бойынша оқыды. 2015 жылдың тамызында Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалған, ал екі жылдан кейін Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің магистратурасында "қалаларды дамыту" бағдарламасы бойынша оқып, қызметінен уақытша кеткен.

2018 жылдың тамызында ол Алматы әкімінің орынбасары қызметіне оралды. Сол кезде ұзын-құлақтан Байбек "Болашақ" бағдарламасын қол астындағыларды "құтқару" үшін қолданған деген ақпарат тарады. 2017 жылы ол өзінің орынбасары Ерлан Әукеновті оқуға жіберді, өйткені автобустардың жеткіліксіздігіне байланысты алаяқтық бабы бойынша прокуратура өкілдері іс қозғағысы келген.

БАҚ-та хабарлағандай, Алматы әкімі Бауыржан Байбек  орынбасары Ерлан Әукеновпен бірге автобустардан ғана емес, жылу желілерін “жөндеу” арқылы мол қаражатты қалтаға басқан.

Қазіргі уақытта Байбек Қазақстанда емес, оны Түркияда, БАӘ-де, Германияда көргендер бар. Оның елден кетуі тергеуден қорқыққанымен байланысты. Шынымен де, абайламасаң қауіпті. Қыркүйекте Қазақстаннан кетуге тырысқан Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің түлегі, бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев ұсталды.

Алтай Көлгінов

Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, Астананың бұрынғы әкімі және бұрынғы вице-премьер Алтай Көлгінов Ұлыбританияның Абердин университетінде магистр дәрежесін алды. 2007 жылы "халықаралық коммерциялық құқық"мамандығы бойынша магистрлік диссертация қорғады.

Премьер-министрдің орынбасарыретінде Көлгінов небәрі алты ай жұмыс істеді. Бірде үкіметтің кулуарында журналистер одан әлеуметтік желілерде кейбіреулер оны "Көлгінов 20%" деп атайтынын естіген-естімегенін сұрады.

- Маған лақап аттар қажет емес. Сіз бұл үшін жауап бересіз, қажет емес. Мен кейбір әкімдердің осылай аталғанын білемін. Бұл айыптау, сіз қоғамдық кеңістікте мемлекеттік қызметкерді кінәлайсыз, сіз оған жауап бересіз. Мұны істеудің қажеті жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты осындай шабуылдар бар. Олар тапсырыс бойынша жасалған. Мен әкім ретінде адал жұмыс істедім, - деп ашуланды Көлгінов.

Кейінірек прокуратура әу баста ондаған мектептер, аурухана мен балабақша салу жоспарланған жерде тұрғын үйлер мен элиталық жылжымайтын мүлік нысандары пайда болғанын, жоспарлау жобасы (PDP) түзетілгенін анықтады.

Қуандық Бишімбаев

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстанда “болашақтықтар” қатарынан алғашқы министр. Сәйкесінше, жемқорлық үшін тұтқындалғандардың алғашқысы.

– Бишімбаевтың 2 миллион доллар пара алғаны дәлелденді, - деді судья Әділхан Шайхисламов.

Алайда ол бір жарым жыл ғана түрмеде отырып, Назарбаевтың кешірімімен шықты.

Ал оның қатысуымен болған биылғы оқиға Қазақстанды дүр сілкіндірді. Қазір ол әйелін өлтірді деп айыпталып жатыр. Бишімбаев бір кездері "Болашақ" қауымдастығының төрағасы болғанын да атап өткен жөн.

Білімін пайдаға жаратқандар

Әрине, "Болашақ"бағдарламасы бойынша білім алып, өз саласында адал һәм жауапкершілікпен жұмыс істеп жүргендер аз емес.

* РРФР агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, 2003 жылы Нью-Йорктегі Колумбия университетінің магистратурасын бітірген. Оған "экономикалық саясатты басқару" мамандығы бойынша халықаралық қатынастар магистрі дәрежесі берілді. 2011 жылы АҚШ-тағы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алды.

* Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов АҚШ-тағы Мэриленд университетін бітірген. 2002 жылы ол қаржы және маркетинг мамандығы бойынша бизнес магистрі болды.

* опера әншісі Мария Мудряк, ең жас стипендия иегері және Scuola Musicale di Milano жоғары музыка академиясын бітірген. Мария қазір Миланда тұратынына қарамастан "Астана Опера"әншісі.

* халықаралық гроссмейстер Дармен Сәдуақасов 2007 жылдың қыркүйегінде Карнеги Меллон университетіне (АҚШ) оқуға түсіп, ҚР президентінің әкімшілігінде жұмыс істеді, қазір халықаралық компаниялар тобының басқарушы директоры.

* Лаура Қарабасовв "Болашақ" бағдарламасы бойынша Уорвик университетінің ағылшын жоғары оқу орнының магистратурасын бітірген. Қазір Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры.