PETROSUN келмеске кетті: Қазақстанның мұнай өнімдері нарығында не өзгерді

Сымбат Сатыбалдина

PETROSUN компаниясы өз қызметін тоқтатты. Бар кінәні үйіп-төгіп, мұнай өнімдері нарығынан ығыстырып шығарды. Мемлекет тарапынан қатаң реттелетін әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдері, соның ішінде газды белгіленген бағамен сатуы да компанияны сақтап қала алмады. Логика бойынша, PETROSUN белгіленген бағадан жоғары бағада мұнай өнімдерін сата алмайтын еді, әрі компанияның заңға бағынатынын әр апта сайын Argus media-да жариялап, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және уәкілетті органдардың қатаң бақылауында жұмыс істеді. Ulysmedia.kz қазіргі таңда Қазақстанда мұнай өнімдерін кім және қалай сатып жатқанын зерттеп көрді.

Ulysmedia.kz коллажы

Қазіргі уақытта нарықта «KC Energy Group» ЖШС (KCEG) атты жаңа бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Оның құрылтайшылары – Қазақстан мен Қытайдың ұлттық мемлекеттік компаниялары. «ҚазМұнайГаз» және CNPC тұрақты жеткізу тізбегі мен салаға инвестиция құюды қамтамасыз етуде.

KC Energy Group инфрақұрылымды дамытуға және цифрлық қызметтерді жетілдіруге ерекше назар аударып отыр. Компания мұнай өнімдерін сатып алу үшін электронды өтінім беру жүйесін енгізіп, нарық қатысушыларына ресурстарға қолжетімділікті жеңілдетті. Сонымен қатар монополияға қарсы заңнаманы сақтауға бақылау күшейтілді, бұл болашақта мұнай өнімдерін әділ бөлуді және операциялардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУГЕ СӘЙКЕСТІК

Компания мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты қатаң сақтап, баға белгілеу мен тарату процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. PETROSUN компаниясының сатқан мұнай өнімдерінің бағасы ашық дереккөздерде, соның ішінде компанияның сайтында жарияланған, бұл бағаны негізсіз көтеруге жол бермейді.

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ШАРАЛАР 

Отынның әділ бөлінуін және баға манипуляцияларын болдырмау үшін электронды тарату жүйесі енгізілді. KC Energy Group мемлекеттік реттеуші органдар тарапынан нарықтағы негізгі ойыншы ретінде танылды және нарықтың барлық қатысушысына тең жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАР

KCEG 2024 жылы барлық әлеуметтік бағдарламаны орындағанын мәлімдеді. Жалпы 0,711 миллион тонна жеңілдетілген шарттармен отын жеткізілді, оның ішінде:

  • 237 мың тонна сұйытылған мұнай газы;
  • 146 мың тонна арзандатылған дизель отыны;
  • 78 мың тонна мазут;
  • 72 мың тонна битум.

Бұл кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, көлік және құрылыс салаларын қолдауға, сондай-ақ өңірлерді жылыту маусымына дайындауға көмектесті.
Мемлекет аграрлық секторды қолдау бағдарламасын жүзеге асыруда – көктемгі және күзгі егіс жұмыстары үшін дизель отыны нарық бағасынан 12-15% төмен бағамен жеткізіледі. Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауытында өндірілетін дизель отынының 46%-ға дейінгі көлемі ауыл шаруашылығына бөлінеді. Сондай-ақ, мектептер мен ауруханаларды жылытуға арналған мазут нарық бағасынан 8-10% төмен бағамен беріледі.

ҚЫТАЙДЫҢ РӨЛІ

Қытай – Қазақстанның энергетика саласындағы стратегиялық серіктесі және әлеуметтік мәселелерді шешуге де атсалысады. Қытайлық инвесторлар қатысатын компаниялар өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға арналған жобаларды қолдайды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ТАРИХЫ

«Ескі Қазақстанмен» және бірінші президенттің отбасымен байланысты PETROSUN компаниясы енді тарихтың терең қойнауына кетті. Дегенмен компанияның нарықтан кетуі мұнай өнімдері нарығын түбегейлі өзгерткен жоқ. «ҚазМұнайГаз» бен CNPC қойылған міндеттерді сәтті орындап, елді отынмен қамтамасыз етіп отыр.