Матч-реванш: Америка тағы да егделер ішінен ел басшысын таңдағалы жатыр

Ғалиасқар Думан

Алпауыт АҚШ-та президент лауазымына негізгі екі партия атынан түсетін кандидаттар айқындалды. Ұсынылған таңдау америкалықтарды таңғалдырып жатыр: болжамды матч-реваншта 2024 жылы тағы да сол егде саясаткерлер сайысатын сияқты. Екеуі де бұрын президент болған, екеуі де кәрі, екеуі де тағылған айып дәлелденсе, президент орынтағына емес, темірторға тоғытылуы мүмкін.

Джо Байден және Дональд Трамп/EPA/Bloomberg; Al Drago

Америка азаматтары 4 жыл сайын басты шытырманды бақылап, «Ақ үйдің иесі кім болады?» деп саяси сахнаға үңіледі. Жақында Quinnipiac университеті екі партияның өкілдері мен сайлаушылар арасында жаңа сауалнама жүргізді. Демократтардың жауабы қарапайым: Америка Құрама штаттарының тарихында партия екінші мерзімге қалдыруға шешім қабылдаған қазіргі президентті қолдамай қалған жағдай ешқашан болған емес. Олардың таңдауы – 80 жастағы Джо Байден. Республикашылдар 77 жастағы Дональд Трампты президенттікке ұсынуы әбден мүмкін, ол да өз кезегінде үшінші рет кандидатурасын ұсыну арқылы жұрт назарын өзіне аударып жатыр. Екеуін де америкалықтар жақсы біледі. Кім жеңсе де, ел тарихындағы тағы бір қарт президент АҚШ тізгінін ұстағалы отыр.

Елдің ішкі мәселелері

Америкалық сайлаушыны мазалайтын ең басты сұрақ – оның алда 4 жылда қалай өмір сүретіні, яғни экономикалық жағдайы қалай болатыны.

Демократтар Байден кезінде экономикалық көрсеткіштер жақсы деңгейде болғанын айта келе қымбатшылықты COVID-19 пандемиясынан кейінгі жалпы әлемдегі ахуалмен байланыстырады.

Дегенмен, америкалықтардың бүйрегі экономикалық мәселелерде республикашыл көзқарасқа да бұрады. Өзінің президенттігі кезінде Трамп АҚШ тарихындағы жалпы ішкі өнімнің ең ұзақ өсім циклін сақтай алды. Трамп салықтарды қысқартты. Оның билігі кезінде соңғы 50 жылдағы ең төменгі жұмыссыздық деңгейі болды, ал америкалықтардың жалақысы жыл сайын 4% өсті. Бірақ бұл жетістіктердің барлығын COVID-19 пандемиясы су сепкендей басты. Америка Құрама Штаттарындағы пандемияға байланысты Еуропа мен Азияның басқа дамыған елдерімен салыстырғанда экономикалық жағынан азырақ құлдыраса да, орташа деңгейдегі америкалықтың әлеуметтік жағдайының нашарлағаны байқалды. Ал АҚШ тұрғындары біздегідей «басқа елдердегі жағдайдың одан да нашарлағанына» мән бере қоймайды.

“Роуға қарсы Уейд” ісі бойынша қаулының күшін жою жөнінде Жоғарғы сот шешіміне қарсы наразылық/ REUTERS/Evelyn Hockstein

Америкалықтар не себепті Джо Байденді қайтадан президент етіп сайлап алуы мүмкін

Америкалықтардың басым көпшілігі түсік жасату құқығын қорғау мәселесінде демократтардың ұстанымын қолдайды. Естеріңізге сала кетейік, маусым айында АҚШ Жоғарғы Соты 1973 жылғы "Роу Уэйдке қарсы" қаулысының күшін жойған еді. Бұл дегеніміз, елдің федералды заңдары енді түсік жасатуға қатысты құқықтарға кепілдік бермейтінін білдіреді. Осылайша, елдің 10 штатында түсік жасатуға толық тыйым салынды, тағы 4 штатта жүктіліктің алтыншы аптасынан кейін түсік жасауға тыйым салынды.

"Түсік жасату құқығы – бұл бостандық мәселесі" дейді демократтар. Демократтардың бұл ұстанымы, айтпақшы, Байден партиясынан тыс жерде де қолдауға ие.

Демократтар бағдарламасындағы экологиялық мәселелерге де америкалықтар назар аударады. Джо Байден 2022 жылы климат өзгерісімен күресу үшін 2,3 миллиард доллар бөлді. Бұл ақша ел тұрғындарына табиғи апаттар мен жаңа жылу толқындарынан аман қалуға көмектесетін инфрақұрылымды салуға және жаңартуға жұмсалады. Демократтардың бастамасымен ел "жасыл" энергетикаға біртіндеп көшіп жатыр. Кейбір америкалықтар мұны ұнатпайды, олар демократтардың экологиялық бастамасы "бізді жұмыссыз қалдыруы мүмкні" деп қорқады.

Америкалық не себепті Джо Байденді екінші рет президент қылмауы мүмкін

Елде қылмыс көбейгендіктен, бұған қарсы наразылық бар.

Джо Байден мен оның зайыбы Джилл/GETTY IMAGES

Сайлаушылар Байден дәл осылай қартайған шағында президенттік міндеттерін дұрыс орындай ала ма деп алаңдайды. Трамп Байденнен бар-жоғы үш жас кіші, алайда оның жасы Байденнің қасында көп талқыланбайды. Америкалықтар мәселеге жалғыз жаста емес, қазіргі президенттің ұмытшақтығы, дірілдеген жүрісі және түсініксіз сөйлейтінін де жиі айтысады. Трампта мұндай проблемалар жоқ, ол жас көрінеді және жалпы америкалықтар оны уақытқа ілесе алған адам деп санайды. Өйткені, ол әлеуметтік желілерде белсенді.

Америкалықтар Дональд Трампты не себепті қайтадан президент етіп сайлап алуы мүмкін

Дональд Трамп америкалықтар алдында 2016-2020 жылдардағы президенттік жетістіктері үшін мақтанады. Сол үшін "мені таңдаңыздар" дейді. Трамптың тұсында АҚШ-та тұрақты тұру құқығын алған шетелдіктер саны азайды. Заңсыз мигранттар елден жиірек шығарыла бастады. Бірақ бұл көрсеткіштердің ешқайсысы рекордтық көрсеткіш болған жоқ. АҚШ-тан адамдарды көбірек шығарып, мигранттарды азырақ жіберген кездер болды.

Қылмыс Трамптың президенттігі кезінде төмендеді. Бұған пандемияға байланысты шектеу шаралары жанама түрде себеп болды. Қалай болғанда да, сауалнамаға қатысқан америкалықтар бұл мәселеде демократтардан гөрі республикашыларды қолдады.

Трамп елдің қорғаныс шығындарын көтерді, бірақ оның президенттік жылдарында АҚШ бірде-бір әскери науқанға қатысқан жоқ. Ол көбінесе басқа елдерге (ең алдымен Иран мен Солтүстік Кореяға) қатал мәлімдемелер жасауға мүмкіндік берді, бірақ шетелде жаңа әскери науқанға араласпады. Мысалы: Буштың кезінде АҚШ Иракқа басып кірді, Клинтон кезінде Балқандағы соғысқа араласты, Обама кезінде бейбіт тұрғындарды қорғау үшін әскер Ливияға кіргізілді.

Сондай-ақ, Трамп өзінің арандатушылық мінез-құлық стиліне байланысты бәсекелестердің назарын жиі аудара алатыны үшін таңдалуы мүмкін. Трамп сайлауға бармаған америкалықтарды ынталандыра біледі. Ол мұны соңғы рет Twitter арқылы жасады, сонысы үшін ол "әлеуметтік желілерде сайланған президент" деген лақап атқа ие болды.

Трамптың Капитолийге келген жақтастары/(BILL CLARK/CQ-ROLL CALL/GETTY IMAGES)

Америкалық не себепті Дональд Трампты екінші рет президент қылмауы мүмкін

Трамп Обама кезінде қабылданған денсаулық сақтау реформаларын уәде еткенімен тоқтата алмады. Мексикамен шекарадағы әйгілі қабырға мақтаудан гөрі мазақ тақырыбына айналды. Трамп ешқашан Мексиканы уәде еткендей "ақы төлеуге" мәжбүрлей алмады. Ол тек бірнеше шақырым қабырға тұрғызды, шекараның қалған бөлігі бұрын салынған және табиғи кедергілермен қорғалған.

Әрине, президенттік жарыста қарсыласы Байденнен жеңілгеннен кейін Трамп сайлау нәтижесін мойындамай, бірнеше ай бойы үнсіз қалды. Twitter-де ғана айтарын айтты. Сайлау нәтижелерін бұрмалау туралы апталар мен айлар бойы ашуланған хабарламалардан кейін оның жақтастары 2021 жылдың қаңтарында Капитолийге шабуыл жасады. Бұл кезде Конгрес пен Сайлау алқасының бірлескен отырысы өтіп, билік ауысып жатқан еді.

Трамп та жас емес, бұл да америкалықтарды алаңдатады. 2020 жылы Джо Байденге қарсы екінші президенттік мерзімге таласқан кезде Трамп 74 жаста болған. Содан кейін Трамп қарсыласының жасы мен ақыл-ой қабілеттерін ашық түрде мазақ етіп, оны "ұйқылы-ояу Джо" деп атады. Қазір Трамп Байденнің өз міндеттерін орындауына жас кедергі емес деп санайды. Бұл жолы Трамп Байденді Америка Құрама Штаттарын басқаруда "қабілетсіз" деп айыптайды.

Кандидаттың ерекшелігі

Үміткерлер бір-біріне ұқсамаса, америкалықтарға таңдау оңайырақ болар еді. АҚШ тарихында жас кәріге, әйел еркекке, қара нәсілді ақ нәсілдіге қарсы үміткерлер болған. Тіпті «гетеросексуал және гомосексуал» нұсқасы да уәде етілген. Бірақ соңғы 12 жыл ішінде АҚШ сайлаушыларына тек "кәрі және одан да кәрі" нұсқасы ұсынылып жатыр. Сонымен қатар екі кандидатқа да қылмыстық кодекстің баптары бойынша айып тағылды.

Джо Байден мен ұлы Хантер/AP/Manuel Balce Ceneta, File

Джозеф Байденге қандай айып тағылды?

Әділет министрлігі екі президенттің – бұрынғы және бүгінгі президенттің тағдырында маңызды рөл атқарайын деп тұр. Қазір "екі Америка бар". Экс-президент Дональд Трампқа тағылған айыптарды біреулер Джо Байденнің Әділет министрлігі арқылы жасаған мемлекеттік қастандығы деп санайды. Екінші тарап дәл осы әділет министрлігі қазіргі президент Байденнің ұлы Хантерді бес жыл бойы әділетсіз қудалағанына сенімді. Хантер нашақор екенін ашық мойындаған.

Кіші Байденге 200 мың доллардан кем түспейтін салықты қасақана төлемегені үшін, сондай-ақ есірткіге тәуелді болған кезде қару сатып алып, қару ұстаған кезде есірткінің әсерінен болғанын айтпағаны үшін айып тағылды. Тағдырдың керемет ирониясы мынада: әкесі Байден барлық демократтар сияқты есірткіге қарсы күресті және елдегі атыс қаруының айналымын бақылауды күшейту керек дейді, бірақ ұлына дәл осы жайттарға байланысты айып тағылады.

Кіші Байденнің айналасында әкесінің де қатысы болуы мүмкін дау бар. Федералды тергеу бюросы (ФТБ) Джо Байденнің "ұлы арқылы Украинаның Burisma Holdings энергетикалық компаниясынан пара алуы мүмкін" деген істі тергеп жатыр. Сондай-ақ, газеттер Хантер Байден мен оның ағасы бақылайтын ұйымдар арқылы қытайлық CEFC энергетикалық компаниясынан шамамен 5 миллион доллар алды деп жазады. Қазіргі президенттің бұл мәмілелерге қатысы бар екендігі туралы ешқандай дәлел табылған жоқ, бірақ Трамп Байденді "президенттікке үміткер бола алмайтын жемқор саясаткер" деп атап үлгерді.

Трамп сот залында/ AP / Seth Wenig 

Дональд Трампқа қандай айып тағылды?

Дональд Трампқа қарсы көптеген қылмыстық және азаматтық айыптау бар. Оған “Джорджиядағы сайлауды бұрмалады”, “Нью-Йорктегі өзінің бизнес империясына қарсы алаяқтық жасады”, “жыныстық зорлық-зомбылыққа барды” деген айыптар тағылған. Сонымен қатар Трамп екі федералды тергеуде бар: оның Капитолийге шабуыл жасаудағы рөлін және Ақ үйден көшкеннен кейін оның құпия материалдармен жұмыс істеуі де зерттеліп жатыр.

Қазіргі және бұрынғы президенттерге тағылған барлық айып сотта расталуы немесе теріске шығарылуы керек. Сайлауалды науқанның ең маңызды интригасы да осында жатыр. Президенттікке кандидат адамның сайлауалды науқанмен қатар соттарға сабылуы - АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Егер сайлау кезінде немесе тіпті жеңіске жеткеннен кейін кандидат кінәлі деп танылса не болады? Ол қайда барады - түрмеге ме, әлде Ақ үйге ме? Бұл сұрақтарға жауап жоқ. Кандидатқа қойылатын талаптарда соттылықтың болмауы немесе ашық қылмыстық істердің болмауы туралы тармақ жоқ. Бірақ Трамп егер сайланса, ол "мені соттамайды" деп уәде берді. "Мен ештеңе жасаған жоқпын" дейді ол.

Заңға қатысты мәселелер үміткерлердің рейтингтеріне әртүрлі деңгейде әсер етеді. Ол жағынан қазір Байден мен Трампта тең дәрежеде, бірақ сарапшылар Трамптың қылмыстық қудалау жанжалдарының аясында рейтингтері күшейіп, Байденнің, керісінше, төмендеп бара жатқанын байқайды.

Тағы бір нюансты сарапшылар атап өтеді. Трамп өзіне қарсы айыптардың бәрін жою үшін сайлауалды сайыстан бір мезетте шығып та кетуі мүмкін. Теориялық тұрғыда Байден де осындай қадамға баруы әбден ықтимал.

Саяст лояльділік

Америкалықтардың кейбірі партиялық бағдарламаға және үміткердің жеке басына қарамастан, бір немесе басқа партияға тұрақты түрде дауыс береді, адал жанкүйерлер сияқты футбол командасын өзгертпейді, тіпті егер ол барлық мүмкін іріктеу турнирлерінен шықса да сондай позициясын сақтайды. Қазір, мысалы BBC хабарлағандай, АҚШ-тың 50 штаты мен Колумбия округінің 18-і құбылмалы. Қалғаны республикашыларды немесе демократтарды қолдайды, сондықтан осы 18 штаттың сайлаушыларын өзіне тарта алатын адам жеңеді.

Қарты керек пе, қартаңдауы керек пе

АҚШ-тағы сайлау жағдайы күні батып бара жатқан кездегі Кеңес одағын еске түсіреді, өйткені әрең жүріп, сөйлейтін компартияның бас хатшысы Леонид Брежневтен кейін де орынтаққа бірінен соң бірі ақсақалдар келген. Айырмашылық мынада: кеңес басшылары бір жыл халыққа қызмет еткеннен кейін келмеске кететін, ал Америка президенттері президенттіктің екінші төрт жылдық мерзіміне бара жатыр.

Америкалық сайлауды көптен бері бақылап келе жатқан сарапшылар АҚШ-тағы қазіргі сайлаудың тағы бір парадоксы - Байден де, Трамп та танымал емес және бірі екіншісінің аясында жақсы көріну үшін бір-біріне мұқтаж дейді. Бұл 2024 жылғы сайлаудың керемет құпиясы. Байден Трамп сияқты танымал емес кандидатпен күресте ғана жеңіске жетуі мүмкін. Трамп Байден сияқты танымал емес кандидатпен күресте ғана жеңіске жетуі ықтимал. Бірақ сайлауға бір жылдан астам уақыт қалды, ал америкалықтардың ойларын өзгертуге және басқа кандидаттарға мәре сызығына шығуға көмектесуге уақыты бар, ал кандидаттардың қашықтықтан кетуге уақыты бар.

Ulysmedia.kz АҚШ сайлауын қадағалайды. Алдағы төрт жылда Ақ үйдің қожайыны кім болады, бұл тек америкалықтар үшін маңызды емес. Әлемдегі экономикалық және геосаяси жағдай көбіне осыған байланысты болады.