Қаржы мониторингі агенттігі тиімсіз және қисынсыз жобаларды 5,1 млрд теңгеге қаржыландырудың жолын кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қызылорда
Сырдария өзенінің арнасын тазалауға 5 млрд теңге бөлініп отыр. Алайда жоба сапасыз әзірленгендіктен өзен арнасын тазартқаннан кейін қатты ағыс пен желдің әсерінен қайта лай басып, құм басып қалғаны ескерілмеген.
«Жергілікті экономикалық тергеу департаментінің араласуынан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлеміндегі пайдаланылмаған қаражатты басқа мақсаттарға бағыттады», – делінген хабарламада.
Көкшетау
Станционный ауылында 1,4 миллиард теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған. Әу баста жобаның бастапқы құны 910 миллион теңге болған, тіпті басқа да елді мекендерде мұндай нысандардың құны айтарлықтай төмен екенін атап өткен жөн.
«Көкшетау қаласының әкімдігі келісімшартты бұзу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, ал басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылады», – деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігі.
Оралхан ҚОЖАНОВ