Бітімгерлерді жіберу: Қазақстан сарбаздары айлықты доллармен алады

Аян Өрібай

Қазақстанның Таяу Шығыс елдеріне жіберілетін сарбаздарына айына 1 мың доллардан төленеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігі

Бір жылға барады

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистерге Қазақстанның бітімгерлік әскерін жіберуі мемлекеттің әлемдік аренадағы беделін арттыратынын айтты. Үш аймаққа бір жылға толық оқудан өткен кәсіби әскери қызметкерлер жіберіледі.

– Бітімгерлерді моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, тәртібі, жеке дайындық деңгейі, тілді білуі және заңнаманы білуді қабылдауы бойынша таңдаймыз. Құрамында бітімгершілік, барлау, инженерлік-саперлік, техникалық және медициналық бөлімшелер болады, - деп түсіндірді Жақсылықов.

Қазақстан бюджетінен тыс әр әскериге айына 1 мың доллардан кетеді. Тек сол елдерге жеткізу үшін Қазақстан бюджеттен 8 млн доллар шығарады.

Қазақстан әскері қай елдерге барады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгершілік контингентін жіберу туралы ұсынысы мақұлданды. 

Конституциясының 53-бабының 5 тармақшасына сәйкес БҰҰ-ның мына миссияларына:

  • 1)    «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлуді байқау күштеріне» (UNDOF, Сирия – Израиль);
  • 2)    «БҰҰ-ның бітімге келу шарттарының орындалуын байқау жөніндегі органына» (UNTSO, Палестина – Израиль);
  • 3)    «БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясына» (UNMISS, Оңтүстік Судан);
  • 4)    «БҰҰ-ның Абьейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уақытша күштеріне» (UNISFA, Судан) қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің саны 430 адамға дейінгі бітімгершілік контингентін (резервтегі рота, штаб офицерлері, әскери байқаушылар және мамандандырылған бөлімшелер) жіберу жөнінде ұсыныс енгізілген.

Депутаттар осы ұсынысты қолдап дауыс берді.