«Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру бойынша күдікті Нұрболат Дәкебаев қолға түсті, деп жазады Ulysmedia.kz.
Дәкебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлерімен облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен, "жедел жәрдем " жүргізушісіне бұзақылық әрекетпен қасақана зиян келтірген 36 жастағы күдікті ұсталды.
Еске сала кетейік, Қарағанды тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан болатын. Төреғали есімді жүргізушіның мұрны, қабырығасы сынып, көзі көрмей қалған. Полицейлер төбелескен адамның кім екенін анықтаған.