Оқушылар енді мектепте телефон ұстай алмайды: Тоқаев заңға қол қойды

Ulysmedia

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сабақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорда хабарламасында.