Тоқаев Ыстанбұлға не үшін барады

Ulysmedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды ulysmedia.kz

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы мемлкет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбук парақшасына жазды.

Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ.

Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.