Есеп 10:0. Сан-Марино Қазақстанды «басып озды»

Ulysmedia

Англияның футболдан ұлттық құрамасы Әлем чемпионаты-2022 іріктеу кезеңінің қорытынды ойынында Сан-Марино командасын 10:0 есебімен бет қаратпай жеңді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Гарри Кейн бірнеше рет қарсылас тарапты қапы қалдырса, одан Гарри Магуайр, Эмиль Смит, Тайрон Мингз, Тэмми Абрахам және Букайо Сака да одан кем түспеуге тырысты. Тіпті Сан-Марино қорғаушысы өз қақпасына гол салды. Осылайша Англия І топта бірінші орынға шығып, 57 жыл бұрынғы АҚШ-ты тізе бүктірген тарихи нәтижесін қайталады.

Еске сала кетсек, Қазақстан Париждегі «Парк де Принс» стадионында Франция футболшыларынан 8:0 есебімен ойсырай ұтылып, Қазақстан футбол федерациясы мемлекет және ұлттық компаниялар қаржыландыруынан бас тартатынын мәлімдеді.

«Франциямен ойындағы сәтсіздік үшін отандық жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Біз әрбір жеңілісті өз ішімізде уайымдаймыз. Тағы бір айтарым, жетекші ойыншылардың үлкен тобынан айырылғандықтан, өкінішке орай, Парижде оңтайлы құраммен ойнай алмадық. Бүгінгі таңда бізде ұлттық құраманың резерві жоқ екенін айта кеткен жөн. Команда көшбасшыларын ауыстырған ойыншылар халықаралық деңгейде ойнауға әлі дайын емес», - дейді федерацияның бас хатшысы Азамат Айтқожин.