Тоқаев үкіметке зейнетақы шегін сәуірге дейін көтермеуді тапсырды

Ulysmedia

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фотода: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтерілмек. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету екені аян. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім, Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазғандай, негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам.

«Сонымен қатар, Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды», – дейді ол.