Жоғалып кеткен Сауат Мыңбаев туралы бәрі неге үнсіз – жаңа деректер

Ulysmedia

Қайғылы оқиғалар Қазақстанның ақпараттық және саяси алаңынан кенеттен жоғалып кеткен Сауат Мыңбаевтың оқиғасын ұмыттырып жіберді. Оқиға тура бір жыл бұрын болды. Ол  кезде Мыңбаев ең ірі ұлттық компания – «Қазақстан Темір Жолы» басқармасының төрағасы қызметін атқарған.

Коллаж: ulysmedia.kz

Мыңбаев саяси аренада ертеден келе жатқан тұлғалардың бірі. Ол туралф жылдар бойы айтылды, жазылды, мақтады, офшордағы есеп-шоттарын сөз қылды. Алайда ел алдында жүрген лауазымды тұлғаның тамаша мансабы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің «жарақат алды» деген құрғақ хабарламасымен аяқталды.

- Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта емдеу жүріп жатыр. Оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді, - деген пресс-релиз тарады.

Әдетте баспасөз қызметі басшының денсаулығы туралы қандай бір хабар таратпайтын. Журналистер бұл оқиғаның егжей-тегжейін білгілері келді. Бірақ, ештеңе табылған жоқ.

Уақыт өте келе 58 жастағы Мыңбаев «түсініксіз жағдайда омыртқаның ауыр жарақатын алды және «Шарита» неміс клиникасына жеткізілді» деген ақпарат тарады.

Ulysmedia.kz тілшісі аталған клиникаға қоңырау шалды. Неміс дәрігерлері Қазақстандық науқас туралы ақпаратты жоққа да шығармады, растаған да жоқ. Берлиндегі журналистердің Мыңбаев туралы бірдеңе білуге тырысуы да сәтсіз аяқталды. «Шарита» түрлі елдерден журналистер хабарласатынына, пациенттері көпке қызық екеніне үйреніп қалған сияқты.  Сондықтан қауіпсіздік жүйесі өте жақсы жұмыс істейді. Тіркеу бөлімінде әдеттегідей пациенттердің тізімі де жоқ. Айта кету керек, ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный кезінде аталған ауруханада жатқан.

Бір жыл бұрын тараған ресми мәлімдемеге қазақстандықтар сенген жоқ.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары ресми нұсқаның қисынсыз екенін келтірді.

- Мыңбаев жұмыс орнында отырып байқамай омыртқасын сындырып алды, содан ол шұғыл Германияға емделуге кетті. Қош, өз өзіне үш рет оқ атпағанына шүкір, ондай жағдайлар да болған,- деген сыңайда пікірлер өрбіді.

Мыңбаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президентінің туыстарымен тығыз байланысты қазақстандық бизнесмен Машкевичтің компаниясы арасында қақтығыс болғаны туралы да ақпарат тарады. Сондай-ақ ҚТЖ басшысы «отбасы» мүшелерінің бірі Қайрат Сатыбалдымен бірдеңе бөлісе алмағыны туралы да айтылды.

Фото: Қайрат Сатыбалды, Сауат Мыңбаев, Александр Машкевич.

Алайда, жоғарыда аталған адамдардың ешқайсысы әлеуметтік желілердегі айыптауларға жауап берген жоқ.

Сауат Мыңбаевты жақсы білетін, талай жыл қызметтес болған, Үкімет отырыстарына бірге барып жүрген әріптестері ол туралы айтылса, аң-таң болған кейіп танытады. Жарақаттанған сияқты, шетелде емделіп жатыр-ау деген сыңайда әңгіме айтып, иықтарын қиқаң еткізеді.

Есімін атамауды өтінген сарапшылардың бірі болған оқиғаның бір нұсқасын бөлісті.

- Мүлдем жоғалып кетті, бұл анық. Егер Мыңбаев ҚТЖ келісімшарттарын тазарту бойынша жұмысын жалғастырса, компаниялардың бірі зардап шегетін еді. Ұлттық компания тау-кен шикізатын тасымалдау үшін жеңілдетілген тарифтерді алып тастау және Қытай транзитінің толық қуатын қосу керек еді. Ал Қытай жүктерін тежеуге екі топ та қарсы. Отбасымен байланысты мемлекеттік бизнесмендер, - дейді дереккөз.

Сауат Мыңбаев ұлттық теміржол компаниясына 2018 жылы келді. Оған дейін «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясын басқарған. Сондай - ақ, Президент Әкімшілігінің басшысы, вице-премьер, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Индустрия және сауда министрі болған.

2018 жылы OCCRP тергеушілерінің «Қазақстанның құпия миллиардерлері» деп аталатын досьесінде Мыңбаевтың аты аталады. Оған оффшорларда тіркелген миллиардтаған қаражат тиесілі екені айтылды. Ол ақпаратты теріске шығаруды талап еткен жоқ.

Мыңбаевтың оқиғасын зерттей бастаған редакцияға сенімді дереккөз оның Швейцарияда емін жалғастырып жатқанын, қазір дәрігерлердің бақылауында екенін хабарлады. Ulysmedia.kz Сауат Мұхаметбайұлы бізге хабарласып, оқиғаның қалай болғанын бөліскенін қалайды. Қазақстандықтар шындықты білуге құқылы деп есептейміз