Тоқаев Қазақстанға Жапония тәжірибесіне назар аудару керегін айтты

Сырым Қаржас
gov

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізуде Жапония тәжірибесіне назар аударуға шақырды.

Тоқаевтың сөзінше, жасанды интеллект және цифрлық технологияны дамытуға баса мән беру керек. 

- Менің өткен аптада Жапонияға ресми сапармен барғанымды білесіздер. Сапар кезінде Токио губернаторымен кездестім. Түрлі салада ынтымақтастық орнатуға келістік, цифрлық технологияларға ерекше назар аудардық. Токиодағы Smart City жобасымен таныстық, дейді президент. 

Президенттің сөзінще, Жапония озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізу тұрғысынан зор табысқа жетіп отыр. Қазақстан осы бағытта тәжірибе алмасатын болды.