Мемлекет басшысы Сенат төрағасы лауазымына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын", - деді президент сенат отырысында.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Тоқаев Сенаттың бірнеше депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, жаңа сенаторларды тағайындаған.