Сондай-ақ Парламенттің жоғарғы палатасы комитеттерінің төрағалары сайланды:
- Нұртөре Жүсіп – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы;
- Сүйіндік Алдашев – Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы;
- Сұлтанбек Мәкежанов – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы;
- Әли Бектаев – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы;
- Асқар Шакиров – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
- Андрей Лукин – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.
Айта кетейік, бұдан бұрын Сенат төрағалығына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған.