Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссияның құрамын бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Эльвира Әзімова ‒ Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы, Конституциялық комиссияның төрағасы.

Ерлан Қарин – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары.

Аида Балаева ‒ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары.

Айдар Жарылғанов – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Конституциялық
комиссияның хатшысы. 

Комиссия мүшелерінің тізімін осы сілтеме арқылы көре аласыз.