Билікті асыра пайдалану ісі бойынша сотталған офицер Жанұзақов ақталды

Ulysmedia

Жоғарғы сот қызметін асыра пайдаланды деген айыппен істі болған ҚР Әскери‑теңіз күштерінің вице-адмиралы Жандарбек Жанұзақовты ақтады, деп хабарлайды хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұл туралы Жанұзақовтың қорғаушысы әлеуметтік желіде жазды.

"ҚР Жоғарғы соты Бас прокурордың наразылығы бойынша ҚР Әскери-теңіз күштерінің вице-адмиралы Жанұзақов Жандарбек Сәдуұлын ақтады! Біз бұл күн үшін 4 жыл күрестік ! Біз оның кінәсіз екенін дәлелдедік!"- деді офицердің адвокаты Әсел Тоқаева.

Еске салайық, Жандарбек Жанұзақов 2020 жылы 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Ол кезде сот оны конкурс өткізбестен кемелерді байлау қызметтерін сатып алғаны үшін кінәлі деп тапты: бірінші сатыдағы үкімге сәйкес, вице-адмирал өз әрекеттерімен мемлекетке 29 млн теңгеден астам шығын келтірген. Үкіммен келіспеген Жанұзақов бір айдан астам уақыт бойы аштық жариялады.