Еңбек министрлігінің басшысы белгілі болды

Сырым Қаржас
Үкіметтің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқарбек Ертаевты Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылдың қаңтарынан бері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарып келген Асқарбек Ертаев Үкімет құрамындағы лауазымын сақтап қалды.

Министр болғанға дейін Асқарбек Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған. Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде және Премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеген. Алайда ол кейінгі қызметінде жүрген кезінде көпшілікке кеңінен танылды.

Даулар

Асқарбек Ертаев ең әуелі жас ана-курьерге қатысты оқиғамен аты шықты. Емізулі баласы бар аналардың қосымша жұмыс істеуге мәжбүр болып отырған жағдайына адамгершілік тұрғыда жауап берудің орнына, министр жас отбасының табысын есептеуге көшіп, ведомствоға қатысты наразылықтың жаңа толқынын туғызды.

Кейін ол мемлекеттік қолдау шаралары «әділеттірек» болатынын мәлімдеді. Осындай өзгерістердің бірі – жұмыссыздық бойынша төленетін жәрдемақы мерзімін алты айдан төрт айға дейін қысқарту.

Сондай-ақ қазақстандық әйелдер бала 1,5 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы төлеу тәртібіне наразы. Қолданыстағы ережеге сәйкес, анасы жұмысқа шыққан жағдайда жәрдемақыдан бас тартуға мәжбүр.

Ертаев басқаратын ведомствоға қатысты кейінгі дау осыдан бір күн бұрын болды. Министрліктің баспасөз қызметінің қызметкері бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін басшылықтың қысымына байланысты жұмыстан кетуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.