1,5 млрд теңгелік шығын: ҚТЖ басшылығы бизнеске кедергі келтірді деген күдікке ілінді

Ulysmedia

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Арызға сәйкес, келген алдын ала залал – 1,5 млрд теңгеден астам.

“Тергеу процесі прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, ҚТЖ басқарма төрағасы – Нұрлан Сауранбаев.