Елімізде 1 млн адам несиесін уақытында төлей алмай жүр

Ulysmedia

Олардың жалпы қарыз сомасы 1 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Сенатта Парламент төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Сенатта салық заңнамасын жетілдіру мәселесі талқыланып жатыр.

Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржановтың айтуынша, борышын өтей алмай жүргендердің қарыздарының 95 пайызы – 5,5 млн теңгеге дейінгі тұтынушылық несиелер. Олар соттан тыс сатыда қаралады. Қаржы министрлігі мәселені реттеуге міндетіне алған.

«Әлбетте, қаржылық сауаттылық пен банктердің жауапкершілігі бағытында кешенді шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді ол.

Айта кетсек, бұдан бұрын Сенат төрағасы Қазақстанның 12 өңірінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын халықтың үлесі артқанын мәлімдеген.