"Соттылығым болмаса...": Әлнұр Ильяшев сайлауға не үшін түсе алмағанын айтты

Ғалиасқар Думан

Үш жыл бұрын әлеуметтік желілердегі жазбасы үшін сотталған белсенді Әлнұр Ильяшев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына қатыса алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Facebook-те Ильяшев сайлауға қатысу мүмкіндігінен айырылғанына не себеп болғанын түсіндірді.

"Егер менің Amanat (бұрынғы Nur Otan) партиясын сынағаным үшін соттылығым болмаса, қазір сайлауалды үгіт-насихатыммен айналысып жүрер едім. Алайда басқа тәуелсіз кандидаттарды олардың мандаттарын ақаулы жүйенің қитұрқылықтарынан қорғауда қолдау мүмкіндігінен айырылған болар едім. Әрі қарай жылжимыз", – деп жазды белсенді.

Айта кетейік, Әлнұр Ильяшев – бейбіт митингілердің белсенді қатысушысы және ұйымдастырушысы. 2020 жылдың көктемінде ұсталып, әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Содан кейін сот Ильяшевке 5 жыл бойы қоғамдық жұмыстармен айналысуға және партиялардың жұмысына қатысуға тыйым салды.

Жуырда белсенді Алматыда өткен Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат жиынына қатысқан болатын.