"Шыдасаңыздар, бәрін түсінесіздер": Даниал Ахметов қоғамның Назарбаевқа қарсылығы туралы

Ғалиасқар Думан

Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында ШҚО әкімі Даниал Ахметов  Қазақстанды "елбасысыздандыру" процесіне қатысты пікірін білдірді.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың қол астында ұзақ жыл жұмыс істеген Ахметов өткенді сызып тастауға асықпау керегін айтты.

"Мен сізге бір-ақ нәрсе айтамын – тарих пен уақыт бүкіл қазақстандық қоғамның сауалына жауап береді. Көп ұзамай еліміздің әрбір басшысының рөлі мен орны айқындалады. Шыдай тұрыңыздар, бәрін түсінетін боласыздар", - деп жауап берді Ахметов.

Сондай-ақ, әкімге “Назарбаевпен араласасыз ба, хабарласып тұрасыз ба?”

"Иә, мен өткен жылдың 15 маусымында сөйлестім, одан кейін хабарласудың сәті түспеді. Менің ойымша, ол еліміздің дамуына зор үлес қосты", - деді ШҚО әкімі.

Даниал Ахметов Қазақстанның жаңа тарихында болып жатқан процестерді сипаттау үшін Абай еңбектерін оқуға кеңес берді.

"Баршаңызға Абайды оқуға кеңес беремін. Бірінші кезекте Абай – ойшыл, екінші кезекте Абай – философ, содан кейін ғана Абай – ақын. Ойшыл ретінде ол біздің өміріміз бен философиямыздың негізін қалады. Өзінің алғашқы қара сөзінде ол өз халқының қарғысына ұшырауға дайын адам ғана халықты басқара алатынын айтты. Сондықтан, менің ойымша, мемлекеттік қызметкерлер – бұл қоғамның өмірлік жағдайларға байланысты таққан жаласы мен ауыр айыптауларын қабылдайтын адамдардың ерекше категориясы"- деді Ахметов.

Айта кетейік, бұдан бұрын ШҚО басшысы тағы бес жыл әкім болғысы келетінін айтқан.