Түркиядағы зілзала: Қазақстан апат аймағында әлеуметтік нысан салып бермек

Айнель Аянова

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

salamnews.org

Бұл туралы мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде айтты.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы орайда, апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенімізді айтқым келеді. Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. 

Бұдан бұрын Тоқаев Ердоғанмен кездескен болатын. Түрік басшысы қиын сәтте қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс айтты.