Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды

Ulysmedia

Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.

Өзгерістер бөлшек салыққа, банктер мен микроқаржы ұйымдарының стрестік активтеріне және реттеудің басқа да бірқатар салаларына қатысты.