Мәжіліс комитеттерінің барлығын дерлік Amanat депутаттары басқарады

Ғалиасқар Думан

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев депутаттардың атынан Мәжілістің комитет төрағаларының кандидатураларын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Комитет төрағаларын депутаттар ашық дауыс беру арқылы сайлады.

«Парламент Мәжілісінің регламентіне сәйкес комитеттің бір төрағасы оппозициядан сайланады. Оған Серік Егізбаев ұсынылды», - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Мәжілістің комитет төрағалары болып сайланды:

  • Аграрлық мәселелер комитеті - Серік Егізбаев;
  • Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті - Снежана Имашева
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті - Айгүл Құспан
  • Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы - Асхат Аймағамбетов;
  • Қаржы және бюджет комитеті - Мәди Тәкеев
  • Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті – Еділ Жаңбыршин;
  •  Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Нұртай Сабильянов.