Қазақстанның төрт өңірі тасқын зардабын тартуы мүмкін

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

көрнекі фото, ашық дереккөзден

Мамандардың сөзінше, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарын су басу қаупі жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында еріген су ағынының қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі болжануда, бұл су тасқынына алып келуі мүмкін.

Қарағанды облысында да қардың еруіне байланысты өзендердегі су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.

Ал Абай және Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр, тіпті қар жауады деп күтілуде.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда қай жолдарды су басқаны айтылған.