Тоқаевқа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды

Айнель Аянова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды”, – деп хабарлады Ақорда.

Еске салайық,  Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясында премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда басым дауыс жинаған партия, яғни Amanat ұсынатынын мәлімдеді.

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz дереккөзі Әлихан Смайылов өз орнында қалатынын хабарлаған.

Сондай-ақ, Смайыловтың Үкімет басындағы қызметі несімен есте қалғанын, ол басқарған министрлер кабинетінің “жетістіктері” жайлы егжей-тегжейлі жазғанбыз.