Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды

Ulysmedia

Тиісті жарлыққа президент қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, 2022 жылдың басынан бері Қазақстанның премьер-министрі қызметін атқарып келе жатқан Әлихан Смайыловқа депутаттар тағы да сенім білдіріп, қызметін жалғастыруға мүмкіндік берді.