"Жаңа" үкіметтің жасақталуы: Көлгінов пен Жамаубаев та жылы орындарын суытпайды

Ulysmedia

Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары, ал Ерұлан Жамаубаев пен Ерұлан Жамаубаев премьер-министрдің орынбасары  – Қаржы министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұған дейін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында премьер-министрдің орынбасары лауазымға Алтай Көлгіновтің кандидатурасы келісілген болатын. 

Сондай-ақ, төменгі палатаның Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі лауазымына Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың кандидатурасы келісілді.

Көлгінов Үкімет басшысының орынбасары қызметін 2022 жылдың 9 желтоқсанынан бері атқарса, ал Жамаубаев Қаржы министрлігін 2022 жылдың наурызынан бері басқарып келеді.