Жас келіншек 3 баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де 9-қабаттан секірген

Ulysmedia

Өзбекстанда анасы балаларын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Podrobno.uz басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 3 сәуірде көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Тоғызыншы қабаттағы пәтерде тұратын 27 жастағы әйел үш баласын – екі ұл (төрт және бес жаста) және бір жасар қызын жатын бөлменің терезесіне ертіп барған. Алдымен ол ұлдарды терезеден итеріп жіберген. Содан кейін қызын көтеріп, өзі де секіріп кеткен.

Олардың ешқайсы аман қалған жоқ. Прокурорлар әйелдің іс-әрекетінің себебін анықтауға кірісті.