Бағдат Мусин Цифрлық даму министрі қызметіне қайта тағайындалды

Ulysmedia

Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Мусин бұл қызметті 2020 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.