Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Асхат Жұмағали 2022 жылдың 7 наурызынан бері осы агенттікте төрағаның орынбасары болды.
Ал бұған дейін ведомствоны басқарған Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.