Еуроодақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялары Қазақстанға әсер етуі мүмкін

Ғалиасқар Думан

Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакеті сәуір айында қабылданбақшы – құжат Қазақстанға, Түркияға және араб мемлекеттеріне әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Брюссель бұған дейін енгізілген шектеулерді айналып өтудің жол бермеу тетіктерін қолға алады деп күтілуде. Бұған үшінші елдердің көмегі пайдаланылмақ. Мұндай ақпаратты "Известия" басылымына Еуропарламент ұсынған.

Шектеу шаралары Түркияға, Қазақстанға және араб мемлекеттеріне әсер етуі мүмкін дейді Еуропарламенттегілер.

Бұған дейін Ақ үй Вашингтон мен Брюссель үшінші мемлекеттерге ықпалын арттырып, олардың Мәскеуге көмектесуіне жол бермеу амалдарын жасайтынын хабарлаған.

Еуропарламент депутаты Гуннар Бектің сөзінше, санкцияларды айналып өтуге қарсы шаралар үшінші елдерге бірден емес, біртіндеп қолданыла бастайды.

"Бұл Батыстың үмітсіз қадамы. Қазір оларда санция салатын ештеңе қалмады", - деді депутат