Ұлттық экономика вице-министрі ұсталды – Антикор

Ғалиасқар Думан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

primeminister.kz

Ақпарат құралдарының жазуынша, ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Алайда Антикор істің мән-жайы туралы мәлімет берген жоқ.

Еске салсақ, Ілияс Өсеров өткен жылы 2 наурызда Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді.

Ілияс Өсеров 1985 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Тұран-Астана университетін бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Сбербанк» АҚ әкімшісі, жетекші маманы, менеджері болып бастады.

2009-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінде түрлі лауазымдар атқарды.

2010-2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Инвестициялық саясат департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2013-2014 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басқарма басшысы.

2014-2015 жылдары – Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы; ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

2015-2019 жылдары – Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.

2019 жылы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың мамыр айынан 2022 жылға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.