Қазақстанда үш ауысымды мектептің саны 143. Саманнан және ағаштан салынған тағы 300 мектеп бар. Бұл туралы Үкіметтегі президенттің төрағалығымен өтіп жатқан жиында премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Көлгіновтің сөзінше, мектептегі оқушылардың орын тапшылығы 279 мыңды құрайды. Үш мыңнан астам мектепте интернет талапқа сай емес. 4 мың педагог жетіспейді.
"Осы проблемаларды шешу үшін тиісті тұжырымдама қабылданып, ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр", - дейді Үкімет басшысының орынбасары.