Тоқаев әкімдерге: өз қалаларыңды жаяу аралаңдар

Ulysmedia

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қалалардың сиқын сынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мәселеге билік өкілдерімен бірге халық та назар аударуы керек. 

"Біз қалаларымыз бен астанамызды көркейтуге барынша мән беруіміз керек. Мойындау керек, біздің қалаларымыз жақсы көрінбейді. Ойын алаңдары жабдықталмаған. Шетелде жүргенде көреміз, үйлер тозған, бюджеті әлдеқайда аз. Бірақ соған қарамастан қалалар өте жақсы, таза көрінеді. Бұл - муниципалды биліктің жұмысы. Оған қоса қала тұрғындарының өз көзқарасы бар. Бізге не жетпейді?", - деді Тоқаев.

Ол әкімдер қалалардағы проблеманы көзімен көруі үшін жаяу жүруі керек екенін айтты.

"Біз қала тұрғындарының өз көшелеріне, үйлеріне және тағы басқаға немқұрайлы қарайтынына тап болдық. Бұл еліміздің беделін түсіруге жұмыс істейді. Мұндай мәселе елордада да бар. Елорданың жоғары мәртебесі тек қала орталығына ғана емес, шет аймақтарға да сай болуы керек. Қалалар өте нашар көрінеді. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат өкілдері отыр, осыған назар аударыңыздар. Сысалы, Семейдегі балалар алаңын көрсетті. Оны пайдалану қауіпті. Әкімдер жаяу жүріп, өз қалаларын аралауы керек", - деді Тоқаев.