Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жанармай бағасының көтерілу мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жанар-жағармайдың бағасын көтеруден түскен қаржыны делдалдар, яғни алыпсатарлар иемденіп кетпеуі қажет. Оны жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсау керек. Сондықтан Үкімет мұнай өнімдерінің бағасын қайта қарау кезінде мемлекетке төленетін салықты арттыру жөнінде қосымша шаралар қабылдауға тиіс», – деді президент.
Мемлекет басшысы тариф саясаты бойынша Үкіметке тауарлар мен қызметтерді реттейтін «тұтынудың әлеуметтік нормасын» енгізу мәселесін пысықтауды тапсырамын. Оның сөзінше, бұл – халықаралық тәжірибе.
Айта кетейік, елімізде 12 сәуірден бастап Қазақстанда бензин бағасы өсті.
Бұдан бұрын Үкімет басшысы жанармай қымбаттауына не себеп болғанын түсіндірген.
Смайылов бензин бағасын өсіру мәжбүрлі шара екенін айтқанымен, депутаттар жанармайдың қымбаттауынан бюджет емес, делдалдар ғана ұтатынын айтты.