Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады

фото: ашық дереккөзден

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды 

“Мемлекет басшысының өкімдерімен Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды.”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Тауфик Каримов және Наталья Дементьева лауазымдарынан босатылды.