Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды

Ғалиасқар Думан

Алматы облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

“Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы»» ММ басшысына және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Лауазымды тұлға қолма-қол ақшаға айналған және өз қалауы бойынша пайдаланылған бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктенеді. Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Іле ауданының тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік органның басшысы қамауға алынды”, – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.