Оқу жылын 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болды – Аймағамбетов жауап берді

Ғалиасқар Думан

Мәжіліс кулуарында бүгін журналистер бұрынғы министр – бүгінгі депутат Асхат Аймағамбетовке оқу жылын 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болғанын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ulysmedia

«Оқу жылын созу жақсы қабылданбайтынын білдім, бірақ дәл сол уақытта бұл шешім керек деп ойладық. Тиісті министрліктің өз құзыреті бар. Өзі айналысады. Әр меморганның, депуатттың өз құзыреттілігі бар. Министрліктің де. Біздің міндет – заң қабылдау. Қабылданған заңдардың орындалуы мәселесі. Тиісті жұмыс істейміз», - дейді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Оқу-ағарту министрлігінің оқу жылының ұзақтығын 31 мамырға дейін ұзарту туралы шешімі қайта қаралуы мүмкін екені хабарланған.