Шығыс аудандық әскери сотында Алтай өлкесінің тұрғыны Тимофей Будковқа үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Анархист өз жазбаларын telegram-арнасында жариялаған. Будков терроризмді ақтау және осыған ұқсас әрекеттерге шақыру туралы бап бойынша кінәлі деп танылып, жалпы сомасы 400 мың рубль айыппұл арқалады.
Будков өз жазбаларында әскери комиссариаттарды өртеуді қолдағанын, 2022 жылғы Қазақстандағы наразылықтар туралы айтқанын, сондай-ақ Канс жасөспірімдерінің ісі туралы жазғанын жеткізді.
Сондай-ақ, Будков Ресей қаржы мониторингі агенттігінің экстремистер мен террористер тізіміне енгізіліп, жеке шоттары бұғатталған.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзенде сұйытылған газ бағасының күрт өсуінен кейін жаппай наразылықтар басталды. Кейінірек наразылықтар Қазақстанның барлық қалаларына таралды. Митингтерге қатысушылар үкіметтің отставкаға кетуін және еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатынан бас тартуғасекілді саяси талаптар көтерді. Алматыдағы митинг жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.
5 қаңтарда жаппай наразылықтар кезінде Асқар Мамин бастаған ел үкіметі отставкаға кетті.