Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шаруаларға көмектесуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды”, – деп жазды Ақорданың желідегі ресми парақшасы.
Бұған дейін Мемлекет басшысы құрғақшылық салдарынан 5 млн климаттық мигрант пайда болғанын мәлімдеген.