Әміржан Қосанов Мәжілісте бой көрсетті

Аян Өрібай

Президенттікке үміткер болған Әміржан Қосанов бүгіннен бастап Парламент Мәжілісінің жанындағы қоғамдық палата мүшесі атанды. Палатаның бірінші отырысы бүгін өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Отырыста президент Тоқаевтың Жолдауда айтылған кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген нысаны үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасы талқыланды.

Мәжіліс таратқан ақпаратта Әміржан Қосанов пен Қанат Нұровқа қоғамдық палатаға мүшеліктің куәлігі табысталған.

Қосанов отырыста сөз сөйлеген жоқ.