Мәжіліс депутатына экс-кандидат, саясаткер Мұхтар Тайжанды полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы саясаткердің өзі Facebook парақшасында мәлім етті. Айтуынша, оны 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингіге қатысқаны үшін ұстаған.
«Достар, полиция үйіме келіпті, әкетіп бара жатыр 488 бабымен, 09.04.23. митинг үшін. Алаңдамаңыздар!», – деп жазды ол.
Бүгін түсте Алматыда Тайжан мен жақтастары баспасөз жиынын өткізіп, жаңаөзендік мұнайшыларға қатысты мәлімдеме жасамақ болған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда "Халық парламенті" құрылғаны хабарланған болатын. Оның құрамына Санжар Боқаев, Лұқпан Ахмедьяров, Инга Иманбай, Динара Егеубаева, Мұхтар Тайжан, Әсет Матаев, Арайлым Назарова және басқа да бір мандатты округтер бойынша бұрынғы кандидаттар кірді.