"12 күн демалады": Қазақстанға келген шетелдік туристер көп уақытын қайда өткізеді

Ulysmedia

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанға келген шетелдік туристер қай өңірлерге жиі қызығушылық танытатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

newtimes.kz

Ведомство мәліметінше, өткен жылы Маңғыстау облысына 41 мыңнан астам шетелдік турист келген. Орташа алғанда, шетелден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында бір аптадан 12 күнге дейін болған.

Сондай-ақ, еліміздегі демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша алғашқы үштікке Алматы және Астана қалалары кірді. 2022 жылы қалаға 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Орташа алғанда, олар оңтүстік астанада 3-5 күн өткізген.

Былтыр Астанаға 238 мыңнан астам шетелдік турист келді. Елордада олар орта есеппен 2-3 күн болды. Ал шетелден келген туристердің Қазақстанда саяхаттау мерзімінің орташа ұзақтығы 4 күнді құрайды.

«Сапардың ұзақтығы өңірдің туристік тартымдылығын көрсетеді. Маңғыстау облысының әлеуеті өте зор және біз оны толығымен іске асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мамандарды даярлау және оқыту, туристік инфрақұрылым салу, жаңа тікелей авиарейстер ашу  бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Шетелдіктер арасында сұраныс үлкен. Сол себепті елімізге келетін шетелдік туристердің санын арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз», – деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.