Қазақ шаруалары банкротқа батты, олигархтар мүддесін жоғары қойды - Алмасбек Садырбаев

Ғалиасқар Думан
Коллаж Ulysmedia

Ұлыс сұхбатқа араға уақыт салып ауылшаруашылығы саласындағы  белгілі сарапшы Алмасбек Садырбаевты шақырдық. Белсендінің партия құра алмауы, азық-түлік қауіпсіздігі, Қазақстан дүкендері сөрелерінің Ресей тауарына толып, отандық шаруалардың банкротқа ұшырауы туралы сөйлестік. Су қауіпсіздігі, заңсыз жерлердің мемлекетке қайтарылуы да әңгімеге арқау болды.