Бала тәрбиесі, Америкадағы оқу, жеке өмірі жайлы - Гүлмира Дайрабаева

Ulysmedia

Qarakoz - жобасының кезекті қонағы журналист Гүлмира Дайрабаева. Телевидение саласында 32 жыл жұмыс істеген маман бүгінде мемлекеттік қызметте. 45 жасында Америкаға оқуға барып, төрт жыл мемлекеттік басқару саласы бойынша білім алған. Гүлмира бес тіл біледі. Полиглот журналист тіл үйрену үшін не керегі жөнінде бөлісті.

Коллаж Ulysmedia

Ол үш ұл тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы Артур Асқарұлы (@archibaalt) белгілі блогер. Еркін, шығармашылық тұлғаны қалай тәрбиелеу керек деген сауалға Гүлмира ханым “балаға мұхиттай махаббат беру керек” деп жауап берді. Ұл балаға дұрыс бағдар беруде қолданатын басқа да тәсілдерімен бөлісті. Жеке өміріндегі жаңалықты айтты. Неке жүзігін көрсетті. Көріңіздер, пікір қосып, бөлісіңіздер. 

Qarakoz – еркін әңгіме алаңы. Прогрессивті қыз-келіншектерді көпшілікке танытуды көздейді.

Қазақ әйелдері үшін пайдалы контент жасап, мотивация сыйлауды мақсат тұтады.