Кәрі қыз, азаматтық неке, өзің үшін бала ту – қыздар қоғам қысымынан қалай құтылады

Ulysmedia

UlysWomen-нің бүгінгі қонақтары психолог Серікгүл Сали мен тележүргізуші Диана Қырықбаева.

Фото: коллаж ulysmedia.kz

Өз бетімен күнін көріп, қызмет істеп, ел аралап, бизнес ашып, байып жатса да қазақ қоғамында әйел жетістігі бір-ақ параметрмен өлшеленеді. Ал кәрі қыз деген тұрақты тіркес аруларға бүгінгі қоғам таңып тастаған ауыр сөз. Бұл тіркесті күйеуге тимеген қыздарға қатысты қолдану қаншалықты дұрыс? Психолог бүгінде адамдардың өмір сүру жасымен қатар, тұрмыс құру жасы да ұзарғанын айтады. Ал әйелдердің жеке өміріне бөгде адамдардың қол сұғуы, жанашырлық сыңай танытып, «ақыл» айтуы неден туындап отыр? Тұрмысқа шықпаған қыздар түрлі қысымға қалай жауап беруі керек. Осы және өзге де сұрақтарға видеоподкаст барысында жауап аласыздар.