Елді 30 жыл бойы тонап, халыққа түк қалдырмады – Бақытжан Базарбек

Ulysmedia

Неліктен заң бәріне ортақ емес? Құрылыс компаниясы басшыларының мүддесін кімдер қорғап жүр? Ескі Қазақстан елді жаңартуға қалай кедергі келтіреді? Депутат Бақытжан Базарбекке сұхбат барысында осы және өзге де сұрақтарды қойғанбыз. Оның айтуынша, 30 жыл ішінде билік халықты тонап келген, ал халыққа түк қалдырмаған. Ал су тасқыны мен жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын жағдай – мемлекеттік саясаттың салдары дейді ол.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұхбатында депутат нақты құрылыс жұмыстарының себептері, бөгеттердің, сейсмикалық қорғаныс жайлы айтып, әкімдердің қайсысы қала жерлерін жеке қолға беру жөнінде заңсыз қаулы шығарғанын жасырмады.

Депутат құрылыс және су кодекстерінің нюанстары, олигархтардың өз мүдделерін қалай қолдайтыны туралы да айтты.