АЭС-ті кім нақты салады және қандай шартпен салуы тиіс - комиссия мүшесімен сұхбат

Ulysmedia

АЭС бойынша референдумға 15,8 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл реферандум “халық шешсін” деген есеппен өткізілмек. Ал халық тарапынан түсіп келіп жатқан сұрақтар легі өте көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Соңғы подкастта 1200 ден астам адам өз қарсылығын, үрейін жазып кеткен екен. Көпшіліктің басты үрейі, сұрағы бұл қауіпсіздік мәселесі болып отыр. Екінші Чернобыль, екінші Фукусима болып кетпей ме деген қорқыныш тағы бар. Өкінішке орай, желіде АЭС-ті кім нақты салады және қандай шартпен салуы тиіс деген ресми ақпарат жарияланбаған. Көпшілікті толғандырған сұрақтарға  АЭС аясында жұмыс топтарына, комиссияға кірген сарапшы жауап берді. 

“АЭС тақырыбын екі жылдай зерттедік. Мен негізі маман емеспін. Бірақ екі жылдың ішінде кәдімгідей маманы болып алдым. Әлемдегі ең дамыған мемлекеттер атом энергетикасын пайдаланады. Бір Францияның өзінде 56 атом реакторы жұмыс істеп тұр,”- деді  Бану Нұрғазиева.

Қазақстанның азаматтық альянісінің төрайымы Нұрғазиева Бану Ғаниқызының сұхбатын ULYSMEDIA ютуб арнасынан көре аласыздар.