Мағауиннің қазасы, Ақордада “тың” кадр, мобильді аударым жыры һәм соғыс аяқтала ма — Ұлыс апта

Ulysmedia

Ulysmedia.kz әрдайым қолдап келе жатқан патшакөңіл оқырманның, көрерменнің арқасында 2025 жылға қадам басты. Ақпарат порталы қоғам мүддесіне сай қызметін жалғастырады. Жаңа жылдан кейінгі толыққанды алғашқы аптаның басты жаңалықтар легін дәстүрге сай Ұлыс аптадан көре аласыздар.

Ulysmedia коллажы

Қазақ үшін орны толмас қазаны осы аптада естідік. Тамыры тереңге тартқан, жапырағы кеңге жайылған - алып Бәйтерек құлады. Қазақ жұртшылығы халық жазушысы Мұхтар Мағауинді жоқтап жатыр.«Елін жерімен қосып сатып жіберген патша бізге ғана бұйырды» деп Назарбаевтың былығын бетіне басқан жалғыз тұлғаны көзі тірісінде қазақ зиялылары оны мойындауға неге сараңдық танытты? Қазаққа заңғар жазушының айтып кеткен өсиеті қандай? Жалпы Мағауиннің «менін» қазақтар түсіндік пе?

Ақордадағы ауыс-түйіс. Дархан Сатыбалды президент әкімшілігінен ойып тұрып орын алды.  Ол келе сала, әділет министрі де ауысты. Билік ішкі саясатты неліктен қатаң бақылауға алып жатыр? 

Мобильдік аударымыңыз 255 мыңнан асса, сізді бақылауға алады. Бұл рас па? Үкімет бүйірі тесілген бюдет жыртығын жамау үшін қандай амалдарға көшіп жатыр? Жаңа талап көлеңкеде жүрген бизнесті бір шыбықпен айдауға мүмкіндік бере ме? Әлде бұл да Үкіметтің утопиясы ма?

Дональд Трамп Ресейдің Украинаға қарсы соғысын аяқтау тәсілін қайта қарастырып жатыр. Ал Жапония үкіметі Ресейге салған санкция тізімін жаңартты. Айтпақшы, Ресейдің пропагандисі с Тигран Кеосаян өлейін деп жатыр. Ұлыс аптада осы және өзге де ақпараттар қамтылды.

Ұлыс аптаның толық нұсқасын Ulysmedia порталы YouTube арнасынан көре аласыздар.